1 қыркүйек -Білім күні.

Оқу жылы балалар жылымен тұспа-тұс келгендіктен,айтулы мерекеге көп көңіл бөлінген.
59 мектеп-лицейінің 10 сыныптары арасындағы өтілген тәрбие сағатының тақырыбы:»Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» деген тақырыпта өтті. Алғы сөз мектебіміздің директоры Жумабекова Алма Алтынхановнаға берілді.
— Оқушылар, сіздер Тәуелсіз елдің бақытты азаматтарысыздар. Білім алғысы келетін жандардың бәріне жақсы мүмкіндік бар. Елің,ата-анаң, мұғалімдер ұжымы сіздерге үлкен үміт артып отыр. Сол үмітті, сенімді ақтауларыңыз керек. Білім сапарында сіздерге ақ жол тілейміз!
Ата-аналар оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтап жылы лебіздерін білдірді.
10 -сынып оқушылары және сынып жетекшілері патриоттық өлең жолдарын оқып, білім ошағының 15 жылдық мерейтойы мен атаулы күндерді таныстыруда жауапкершілік танытты. Бүгінгі іс-шара «Мектебім» ән шашуымен аяқталды.
Қуанар Қожаназаров

Добавить комментарий