БІЛІМГЕ ҰМТЫЛУ, ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ БІЛІМ КҮНІ!

Нұр-Сұлтан қаласы №59 мектеп-лицейінде алғашқы қоңырау мерекесі аталып өтті. Білім күні шын мәнінде бүкіл халықтық мерекеге айналды! Бұл мейрамның әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған бүлдіршіндердің жұдырықтай жүрегінде бүгінгі күн мәңгіге сақталады. Бүлдіршіндер үшін бұл сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам. Мыңдаған оқушылар білім мен ғылым саласындағы ұстаздарды барша қызметкерлер үшін БІРІНШІ ҚЫРКҮЙЕК жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы. Еңбектің ең үлкені — Білім! Алғашқы қоңырау мерекесінде алғы сөз Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Қыдырбек-ұлы Дәрменияр Алғатбекұлы және мектеп директоры Жумабекова Алма Алтынхановнаға берілді. Биылғы оқу жылымен тұспа тұс келген білім ошағымызға да 15 жыл. Осы іс-шара аясында өнерпаз оқушыларымыз әсем әуен мен мың бұралған билерімен мектеп айналасын қуанышқа бөледі. Бүгінгі мерейлі мереке білім шаңырағындағы әр сағаты қызықты сынып сағаттармен, таңғажайып жаңалықтарымен ұштасты! Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін! Оқуда да, еңбекте де алда болайық! Мереке құтты болсын!

Добавить комментарий