Өзін өзі басқару парламенті

Біз сіздерді жаңа 2023-2024 Парламент құрамасының лидерлерімен таныстыруға дайынбыз!

Парламенттің мақсаты : Мектебіміздің жан-жақты дамуына үлес қосу, оқушылардың бойындағы лидерлік қасиеттерді дамыта отырып, оқу жылының қызықты да пайдалы өтуін қамтамасыз ету✔️

МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ — КЕҢЕС НҰРАЙ. @ayneslly
11 «A» сынып оқушысы


2023-2024 оқу жылына Парламенттің жаңа лидерлері:


Вице-президент — Алгибай Мади, 9 «Г» сынып оқушысы

 

Премьер-министр — Серғазы Анель, 11 «Ә» сынып оқушысы

 

Білім министрі — Толеген Айжан, 10 «З» сынып оқушысы

 

Спорт және денсаулық министрі — Орал Рамазан, 8 «В» сынып оқушысы

 

Мәдениет министрі — Айдарбекова Айгерим, 9 «А» сынып оқушысы

 


Медиа министрі — Шумекова Сафия, 10 «И» сынып оқушысы

 

 

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы


«Мектеп Парламенті» 

Мектеп парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.

Мектеп парламенттің міндеттері:

— білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін, мектепте, колледжде, ЖОО-да бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру;
— әрбір білім алушыны білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту;
— өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту

Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:
  1. Құқық және тәртіп фракциясы.
  2. Ақпарат фракциясы.
  3. Спорт және салауатты өмір салты фракциясы.
  4. Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология).
  5. Қамқорлық фракциясы (еріктілік).
  6. Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық).
  1. Дебат қозғалысының фракциясы.
  2. Экология және еңбек фракциясы.

 

«ҰСТАЗЫМ – ҰЛАҒАТЫМ, ҮЛГІ-ӨНЕГЕМ!» атты «Дублер күні»

2023 жылдың 4 қазан күні №59 мектеп-лицейінде Астана қаласының Білім басқармасы және Мектепішілік және СтуденттікПарламент-көшбасшылыққа бастар алаңының ұйымдастыруымен «Ұстаздар күні» мерекесіне орай, «Дублер күні» өткізілді.
Мақсаты: балалар мен ересектердің бірлескен қызметін ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларының әлеуметтік-құзыретті тұлғасын дамыту үшін жағдайлар жасау.
Бұл күні Парламент мүшелері және мектеп әкімшілігімен бірге Дублерлік педагогикалық кеңесте бас қосып, мектеп директоры Жумабекова Алма Алтынханқызы өзін-өзі басқару ұйымының президентті Кеңес Нұрайға қызметтік өкілеттілігін тапсыру рәсімі жүзеге асты.
9-11 сынып оқушылары өздері ұсынған жаңа әдістерін көрсетіп, сыныптарға бірнеше пәндерден 158 оқушы сабақ берді.
“Дублер күні” — бұл оқушылар нағыз мұғалім болып, өзін-өзі басқара алатын, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алатын қызығы мол күн болды.

 

 

День дублера 4 октября