«Ол — Абай, Ұлты — қазақ, Аты –Адам»

Қазақтың дара да дана ақыны ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жасқа толуына орай №59 мектеп-лицейдің мұғалімдері мен оқушылары«Ол — Абай, Ұлты — қазақ, Аты –Адам» айдарымен танымды да тартымды, әуезді де ғибратты кеш өтті. Іс-шара барысында ер балалардың хоры мен бастауыш сынып оқушылары әнін шырқаса, Абай атамыздың өлеңдері мен қара сөздері үш тілде, қанатты сөздері нақышына келтіріле оқып, арнайы шақырылған Қамқоршылық мүшелері мен ата-аналардың ризашылығына бөленді. «Ескендір» поэмасын мұғалімдердің оқығаны ерекше әсер етті.

Кеш соңында мектеп директоры Алма Алтынханқызы Жумабекова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласынан үзіндіге назар аударды: «Абай туындыларының мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтарға толы. Оның қара сөздері – әлем халықтарының ортақ қазынасы. Бұл – классикалық үлгідегі өнегелі ойлар шоғыры. Нақыл сөз, ғибратты сөз, ғақлия сөздер деп әрқилы аталғанымен, бұл – ерекше жанр».

Сондай-ақ ата-аналар да өз ілтипаттарын білдірді.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар өз жалғасын табады.

Добавить комментарий