«Абай» залы ашылды

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында №59мектеп-лицейде ақын мұрасын жастардың санасына сіңіру, насихаттау мақсатында «Абай» залы ашылды. «Абай» залы оқушылардың, ұстаздардың рухани бас қосу орнына айналды. Осы ретте мектебіміздің жылдың поэтикалық негізгі ұраны ретінде Абай өлеңдерінен «…Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез», деп келетін жолдары алынды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы Абайдың мұрасы «Рухани жаңғырудың» маңызды бағдарына айналуы қажеттігін және Абай тойы тағылымды шаралармен есте қалуы тиіс деген болатын. Сондықтан да мектебіміздегі өтетін ісшаралар білім, ғылым, өнер, әдебиет және спорт салаларына бағытталып, ақын бабамыздың рухани өсиетін негізге алады.

Добавить комментарий