№59 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНДЕ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША МҰҒАЛІМДЕРМЕН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

2020 жылдың 8 ақпанында №59 мектеп-лицейінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Жумабаева Асемгүл Рапагатовна «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбындағы курс тыңдаушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақ өте қызықты және жоғары деңгейде өтті. Жумабаева А.Р. жас болсада өз маманының шебері екенін көрсете білді.

Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары С.Қ.Кабажаева мектеппен таңыстырып және «Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі» атты семинарын өткізді.

Курс жетекшісі Г.К.Даулетбаева, курс тыңдаушылары мектеп директоры Алма Алтынхановна Жумабековаға, мұғалімдерге рухани-адамгершілік білім беруде аянбай еңбектеніп жүрген үшін шексіз алғыстарын білдіріп «Өзін-өзі тану: шығармашылықпен сүйіспеншілік педагогикасы» он күндігін ойдағыдай аяқтауға тілектестігін білдірді.

«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚФ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ПҚ БАИ, «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» РАББ ТРЕНЕРІ ДАУЛЕТБАЕВА Г.К.

Добавить комментарий