Отбасы тірегі – әке

Бүгін мектебімізде «Отбасы тірегі – әке» жобасы аясындағы қалалық ерікті әкелер челленджі бойынша арнайы шара өтті. Шараның мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік маңызды жағдайлардың жақсаруына үлес қосу, әкелердің ерікті белсенділігін балаларға үлгі ету. Шараға белсенділік танытқан әкелер оқушылармен бірге мектеп ауласындағы қалың қарды тазалады. Қолдарына күрек ұстаған әке мен баланың еңбекқор көрінісі көпке үлгі болды.

Қар тазалауға ата-аналарымыз арасынан 50 ге жуық әке мен ата-аналарымыз және ұстаздарымыз бір кісідей атсалысты.

Қоғамдағы әкенің өмірлік белсенді позициясын арттыратын бүгінгі бірегей шараның берері көп болды.

https://www.facebook.com/100022190345264/videos/618017105614629/

Добавить комментарий