«СНЮС» деп аталатын құрамында никотині бар тауарды сатуға шектеу қойылды

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшиннің CНЮС шегуге арналмаған темекі және темекі емес өнімдерді әкелуге, қолдануға, сатуға және таратуға тыйым салу бойынша санитариялық шаралар енгізу туралы қаулы (№ 7-ПГВр 12.12.2019ж) шығарғаны туралы хабарлайды.

Снюсті пайдаланған жасөспірімдер өспейді, мінез құлқы өзгеріп, тіпті агрессивті болады. Үнемі көңілсіз жүреді. Ұйқысы келе береді. Сондай-ақ асқазан ішек-жолдарының түрлі жараларына тіпті онкологиялық ауруларға шалдықтырады.

Осы қауіпті індетті алдын алу шараларын жүргізу мақсатында №59 мектеп-лицейінде Есіл ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бас маманы Катышева Гульнар Саткеновна және сол мекеменің жетекші маманы Адилбек Алия Адилбековнаның ұйымдастыруымен 5-7 сынып оқушыларына лекция сабақтарын жүргізді. Лекция барысында мамандар Снюсті қолдану, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің улануын тудырып, нәтижесінде өлімге де әкеліп соғуы мүмкін туралы және темекіге қарағанда, снюс қысқа мерзімде тәуелділікті тудырады, ал одан құтылу оңай емес екендігі айтылып, оқушыларға арнайы дайындалған презентациялар мен бейнероликтер көрсетілді.

Добавить комментарий