№59 мектеп – лицейінің кітапханасында өткізілген қыркүйек – желтоқсан айларында өткізілген іс – шаралар туралы мәлімет

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына байланысты «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Абай шығармашылығы және өмірімен  оқушыларды таныстыру.Оқушыларды елін – жерін сүюге тәрбиелеу.Оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттыру. Абай өлеңдерін насихаттау.

Сонымен қатар  Абай Құнанбаевтың  өлеңдеріне арналған бастауыш сыныптар арасында кітапханадағы ашық есік апталығы өтті. Апталықтың мақсаты оқушылар өз қалауымен келіп Абай өлеңдерін жатқа айту. Белсенділік танытып қатысқан сыныптар: 4 «Д» сынып оқушылары Данияр Аяулым, Қасымжан Нұрсая, Артықбай Балауса, Асылхан Айдын, Индира Муслимханова сынып жетекшісі Арсекеева А.,  Сальникова Вереаника 3 «Д» мұғалімі Назгүл Олжабайқызы, Сыздықназар Румани 4 «О» Ашенова Д.Т., Ғалым Шұғыла 2 «А» мұғалімі  Сейдалиева Г.Т., Сакен  Сейфуллиннің 125 жылдығына және ақын Фариза  Оңғарсынованың 80 жылдық мерей тойына орай ақын жазушының шығармашылығымен таныстыру мақсатында «Қазақ әдебиетінің ақ сұңқары» және «Қазақтың Фаризисы» атты тақырыптық кітап көрмесі және әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен жоспарлы түрде салауатты өмір салтын сақтау, тазалық пен спортқа баулу  мақсатында «Денсаулық мол байлық»  атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен жоспарлы түрде салауатты өмір салтын сақтау, тазалық пен спортқа баулу  мақсатында «Денсаулық мол байлық»  атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мен 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні  мерекесіне орай,  елін – жерін сүюге, Отанын қорғауға, патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мақсатында «Менің Отаным —  Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.     Көрме 1-11 сынып оқушыларына арналған.

 4 «Д» сыныбымен бірлесе отырып кітапты құрметтеу, кітапқа деген қызызығушылығын арттыру, оқушылардың ой – өрісін дамыту, мақсатында  «Отбасымен бірге оқу- бір қуаныш,отбасымызбен бірге оқиық!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Ата – аналар мен балалар топтасып, жарыс түрінде өтті. Эпостық жырлармен танысып, батырлар туралы көп мәліметтер алып , белсенділік танытты. «Батырлар —  ел қорғаны » атты кітап көрмесі және әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 2019 жылдың таңдаулы авторлары Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділдә Тәжібаевтің «Өлеңдері» таңдалды. Оқушыларды авторлардың шығармаларымен таныстыру мақсатында, кітаптарды насихаттау барысында авторлық кітап көрмесі мен әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Әбіш Кекілбеавтың 80 жылдығына  орай «Әбіш әлемі» атты  тақырыптық көрме  ұйымдастырылды.




Добавить комментарий