16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мектепішілік «ПАТРИОТ ДАУЫСЫ» байқауы

2019 жылдың 13 желтоқсан күні мектеп акт залында 5-8 сынып оқушылары арасында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мектепішілік «ПАТРИОТ  дауысы» байқауы өтті. Арнайы тағайындалған қазылар алқасы таныстырылып,  өз реттіліктерімен өнерпаздарымыз орындаушылық шеберлігімен және талғампаздығымен  көрермендердің көзайымы болды. Таласты тартысқа толы өткен байқауда қатысушыларымыз көрермендер көңілінен шығып керемет кеш сыйлады.  

   Байқаудың қорытындысы қазылар алқасының ұйғарымымен бас жүлде 6 «Е» сынып оқушысы Айтуған Айғаным иеленсе, қалған 1 , 2 , 3 орындарды сыныптар өз өнерлеріне қарай бөліп алды.  

Добавить комментарий