Жайдарман ойындары

«Жастар жылы»  аясында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған   Нұр-сұлтан қалалық мектепішілік жайдарман ойындары және мектеп директорының кубогы туралы анықтама.

Нұр-Сұлтан қаласы №59 мектеп-лицейінің  директоры Жумабекова Алма Алтынханқызының қолдауымен ұйымдастырылған «Нұр-Сұлтан қалалық мектепішілік «Жайдарман» ойындары болып өтті. Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Алма Алтынханқызы сөз сөйлеп, жас жайдарманшыларға сәттілік тіледі. Жайдарман ойындарына барлығы 7 (жеті) команда қатысып өз өнерлерін ортаға салды. Қонаққа келген командалар қатарында жаста болса жайдарман ойындарында тәжірибесі бар Нұр-Сұлтан қаласы №42 орта мектеп құрамасы «Сүйкімді» жайдарман командасы, және де Нұр-Сұлтан қаласы №76 мектеп-лицейінің құрамасы «Ұнамаса көшіп кет» жайдарман командалары қатысып, көрермендерге жақсы кеш сыйлады.

⠀Қатысушы командалар сәлемдесу, жан бату (биатлон) және ширату сайысы кезеңдерінде өнер көрсетіп, өзара бақ сынады. Жайдарман ойынында қазылар алқасының төрелігі мен өрбіп отырды. Таласты тартысқа толы өткен ойында көрермендер көңілінен шығып, Жайдарман ойындарында үздік өнер көрсеткен  «Үздік ойыншы» номинациясын мектебіміздің 9 «А» сынып оқушысы Қуандық Ерхан иеленді. Жайдарман ойының соңында қазылар алқасының ұйғарымымен Нұр-Сұлтан қаласы №42 орта мектеп құрамасы «Сүйкімді» жайдарман командасы бас жүлдені иеленіп, 2-3 дәрежелі дипломдарды  аттары заттарына сай, 11 «Ә» сыныбынан құралған «Шоу Ирины Ныгметовны» жайдарман командасы, және нәзік жанды қыздардан құралған  «Кыздаримен» жайдарман командасына бұйырды. Қалған командалар алғыс хаттар мен марапатталды.

Добавить комментарий