1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар беруде Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.

Мақсаты: Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу, құрмет сезімін қалыптастыру. 

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегінің маңызын ашу, өскелең ұрпақты өз халқын, еліміздің мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге, өмірдің жоғары жауапкершілігі пен Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жоғары сезіммен үйлесімділікке тәрбиелеу мақсатында  №59 мектеп-лицейінде Елін сүйген, елі сүйген елбасы!»  тақырыбында бірыңғай сынып сағаты  болып өтті. 1 желтоқсан- тұңғыш Президент  күніне арналған сынып сағатына тарих пәнінің мұғалімі Мансурова Құрмет Битолеуовна 10 сынып оқушылары мен   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  жүріп өткен өмір жолы, туып — өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мәлімет беріп оқушы бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыруға өз септігін тигізді. Сынып сағатына арнайы шақырылған «BILIM-ÓRKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы басшысының орынбасары, Набиев Саят Талғатұлыда қатысты. Кездесу барысында Саят мырза оқушыларға Елбасының көшбасшылығы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  салиқалы саясатының арқасында  тәуелсіз Қазақ елі  қалыптасуына орасан зор үлес қосқанын туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Добавить комментарий