№59 мектеп – лицейінде Күзгі мерекеге орай, бірқатар іс шаралар өтті.
- Қазан айының 25 күні жоғары сынып оқушыларының ұйымдастырумен «Күзгі вальс» жұп болып 11 сынып оқушылары билері тамашаланып, көңілді үзілістер қатарымен бастап, әрі қарай іс шаралар өз кезегін тапты.
- 5 сынып оқушылары күз мезгіліндегі мерекелік қуаныш сыйлап «Жемістер флешмобын» дайындап, әр түрлі — түсті жемістер костюмдарымен билеп шықты.
- Мектебіміздің еңбек пәні және «Сымбат » үйірмесінің мұғалімі Каражанова Камаль Агентасовнаның жетекшілігмен, 6 – 7 сынып оқушы қыздары арасында «Fashion Week -2019» күзгі сәнді киімдер топтамаларымен таныстру шарасы өтті.
Мереке қызықты эмоцияға толы болып оқушылардың қызығушылығын дамытып, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл — күй сыйланды. Мереке балаларға жақсы әсер етіп, көптеген жаңа идеялардың пайда болуына, сонымен қатар олардың сабақтан тыс мерекелік шараларды ұйымдастыру қабілетінің артуына себепші болды.