Адалдық сағаты

2019 жылдың 6 қарашасында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас кеңесшісі Қарғабай Мирас Асқарбайұлының ұйымдастырумен   №59 мектеп-лицейінде бірыңғай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық,парасаттылық,әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп,сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

​   Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  бас кеңесшісі Қарғабай Мирас Асқарбайұлы адалдық пен әділдік ел дамуының басты көрсеткіші екенін атап​ көрсетіп, бұл бағытта агенттік тарапынан мақсатты жұмыстар мен жобалар жалғасын тауып жатқанын, білім ошақтарында «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» клубтары да сыбайлас жемқорлыққа қарсы орта қалытастыруда жұмыс жасайтынын атап өтті. «Адалдық сағатына» 9-10 сынып оқушылары қатысып,өз ойларын ашық айтып, арнайы жасалған презентациялар көрсетілді.



Добавить комментарий