15 қараша 2019 жылы Нұр – Сұлтан қаласының Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті, «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат-ойлы, парасатты, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында, №71 мектеп – лицейінде «Парасатты отбасы» байқауы өткізілді.
Мектебіміздің Ибадулаевтар жанұясы қатысты. Өздерінің үлгілі, белсенді, жан – жақты жанұя, креативті ойларымен , атадан келе жатқан дәстүрлерін насихаттап, жеті атасының шежіресін ауқымды түрде тамашалатып өнер көрсетіп 1 дәрежелі «Өнерлі отбасы» Диплом иегері атанып, қалалық байқауға жолдама алды.
Алғысымызды білдіре отырып, мұғалімдеріміз Нуртолеу Мадина Галымовнаның 7 «В» сыныбында білім алатын шәкірті Ибадулла Нұрислам Даниярұлы;
Садуакасова Жадыра Аманбаевнаның 5 «Б» сыныбының оқушысы Ибадулла Меруерт Даниярқызы;
Мурсалимова Клара Нурлыбековнаның 3 «Н» сыныбының оқушысы Ибадулла Жанель Даниярқызы, үйдің кенжесі Ибадулла Рауан Даниярұлы және осы іс шараның өтуіне зор үлесін қосқан анасының еңбегі, сынып жетекшілермен қоса сынып ата – аналарының қолдауы орасан зор болды.
Айгүл Сауранқызы мектеп директорымен , әкімшілігне ризашылығымен алғысын білдірді.

