№59 мектеп-лицейде «2019-2020 оқу жылындағы №59 мектеп-лицейдің жаратылыстану-математика бағыты бойынша оқу –тәрбие үдерісін ұйымдастыру» айдарымен ғылыми кеңес отырысы өтті.

Күн тәртібі тақырыпқа сәйкес құрылды. Аталған кеңеске жарытылыстану-математика бағытын жетекші мамандары, әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты.

Инновациялық жобалардың іске асырылуы жайында  мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша  орынбасары Жакишева Мейрамгүл Кенжеғалиевна кеңес мүшелерін мектептегі жобалар туралы ақпараттандырды. Инновациялық жобалардың маңызы мен оқу сапасына ықпалы жайында тоқталды. Директордың  ақпараттандыру  жөніндегі орынбасары Атантаева Акмарал Кеулимжаевна  мектептегі ақпараттандыру жұмыстарының барысы, мұғалімдерге арнайы курстар ұйымдастырып жатқаны туралы хабарлама жасады.

«Эмоционалды интеллект» жобасының үйлестірушісі,  директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасары Конурова Зухра Канатовна тоқталды.

Ал «GLOBAL  SCHOOLARS» жобасының үйлестірушісі, aғылшын тілі пәні мұғалімі Нұртөлеу Мадина Ғалымқызы 7-сыныптың 20 оқушысымен (ағылшын тілінен рнайы тестілеуден өткен) жоба аясындағы атқарылған жұмыстарды, алдағы жоспарымен таныстырды.

Сонымен қатар, 10-11 сыныптарда «Химия», «Физика», «Биология» және «Информатика» оқу пәндері бойынша ағылшын тілінде оқытудың барысын туралы пән мұғалімдері: Клышбаева   Мария Хамитовна, Мейримова  Зульпаш  Бакеновна, Жолжан  Ақмарал  Болатбайқызы, Барменова   Анар  Зеиновна, Тәжібай  Зарина  Нұрмаханқызы, Атантаева  Акмарал  Кеулимжаевна,   Егембердиева  Нурсулу  Амирхановна, Алтыбаева   Сұлушаш Сейткасымовналар жаратылыстану-математика бағыты  бойынша пәндерді оқытуда кездесетін қиындықтар туралы, оларды шешу жолдары туралы өз ойларын ортаға салды.

Мектеп директоры өз тарапынан сұрақтар қою арқылы, көптеген жайларға назар аудартты, ұсыныстарын, нәтижеге жеткізетін жұмыстары қолға алу керектігін атап көрсетті.

Добавить комментарий