Қарттарым – асыл қазынам

Нұр- Сұлтан қаласының Есіл ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің қолдауымен 2019 жылдың 26 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы Әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне №59 мектеп – лицейінің оқушылары «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өткізді. Халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі- үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық аузы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін мерекеде сый-сияпат жасалынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.



Добавить комментарий