2019 жылдың 25 мамырында №59 мектеп – лицейінде түлектеріміз үшін соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Мектебімізде биыл120 түлек бітірді.
Құттықтау сөз кезегі мектеп директорымыз Жумабекова А.А беріліп, Жастар жылында бітіргелі тұрған түлектріміз үшін ерекше екенін атап өтіп , арман қанатына мініп, биіктерге ұмтылған №59 мектеп-лицейнің 2019 жылғы түлектеріне ақ жол тіледі.
Мерекенің шарықтау шегі — Алтын белгіге үміткерлердің бірінші сынып оқушыларымен берілген соңғы қоңырауы болды.









