Нұр – Сұлтан қаласында «Құтқарушы» спорт кешенінде қалалық жас құтқарушылардың слеті өткізілді

2019 жылдың 17 мамыр күні Нұр – Сұлтан қаласында «Құтқарушы» спорт кешенінде қалалық жас құтқарушылардың слеті өткізілді.
Салтанатты іс-шараны Нұр – Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының м.у.а. полковник М.Аманбаев құттықтау сөзімен ашты. Жеті түрлі өрт-құтқару спорты түрлерін құрайтын спорттық жарыстар өткізілді, атап айтқанда: жауынгерлік өрістету, шабуылдау сатысымен екінші қабатқа көтерілу, эстафета, Александров түйінін тастау, құтқару түйінін конструкцияға байлау, музыкалық шығармашылық түріндегі «Сәлемдеме» және де медициналық сайыс. Барлық нормативтер тек уақыт бойынша ғана емес, жасап жатқан жаттығудың дұрыс орындалуына көңіл бөлінді.
№59 мектеп-лицейінің жас құтқарушылар командасы қалалық жарыста II орын иеленді.Сонымен қатар «Эстафета» жарасынан үшінші орын,Өрт сөндіру автоцистернасынан жауынгерлік өрістеу» жарысынан бірінші орын,«Визит карточкасы және қабырға газеті»номинациясы бойынша үшінші орын және «Құтқару ілгегін конструкцияға байлау» жарысынан бірінші орынды алған Сапарғали Назгүлге тең келер ешкім болмады. 
Барлық жеңімпаздар кубоктармен, медальдермен, алғыс хаттармен марапатталды. Жүлделі орындарға ие болған командалар бірігіп шілде айында Көкшетау қаласында болатын Республикалық «Жас құтқарушы» жарысына жолдама алды.

https://www.facebook.com/100022190345264/videos/438004800282528/
https://www.facebook.com/100022190345264/videos/438003923615949/

Добавить комментарий