Coworking

Бүгінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында біршама игі іс атқарылуда. Соның ішінде жас буынның білімділік сауаттылығын арттыру – бірінші орында тұр. «Кітап – білім қазынасы» дейтін болсақ, қазір кітапқұмар жастар азайып кетті. Оған басты себеп – кітапханалардың заман ағымынан кенжелеп қалуы. Осы олқылықтың орнын толтырып, оқырманды кітапханаға қайта тарту мақсатында мектебімізде «Coworking» орталық ашылған болатын.
«Coworking» – ағылшын тілінен аударғанда «бірлесе жұмыс істеу» деген мағынаны береді. Яғни, бұл адамдардың әңгіме-дүкен құратын, оқып-үйренетін, жеке және топтанып келіп жұмыс істейтін, кеңесетін орнына айналуда. Басты мақсат – кітапханаға оқырманды, әсіресе жастарды көбірек тарту.
Коворкинг-орталығының негізгі мақсаты — әлеуметтік маңызы бар бастамаларды, жобаларды және бірлесе жұмыс жүргізу үшін оқушылар мен ұстаздардың қолжетімді жұмыс кеңістігін ұйымдастыру. Мұнда оқушылар мен ұстаздар өз жобаларын, идеяларын талқылай алады, іскерлік кездесулер, пікірталастар, лекция, семинар, шеберлік сағаттары мен тренингтер ұйымдастыруға мүмкіншіліктері бар.Жаңаша безендіріліп,өзгеше жабдықталған орталықтың оқушылардың тұрақты әрі сүйікті мекеніне айналарына сеніміміз мол!