Парасат

Ұранымыз

Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдау алаңы.

Мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу; республикадағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.

Пікірсайыстың негізгі міндеттері: Оқушылардың жоғары эвристикалық зерттеу, ой қабілеттерінің тез жетілуіне ұлттық салт-дәстүр тәрбиесін бойына сіңіріп өсуіне жағдай жасау.

  • Уақыт регламентін сақтау
  • Қарсыласқа құрметпен қарау
  • Сауатты, мәдениетті сөйлеу
  • Өз ойынды дәлелдермен түсіндіру

Күтілетін нәтиже

Пікірсайыс оқушыларға  қандай артықшылықтар береді?

  • Ораторлық қабілеттер
  • Лидерлік қасиеттер
  • Аналитикалық және сыни ойлау
  • Басқа көзқарастарды түсіну
  • Топтық жұмысқа үйрену
  • Білім көкжиегін кеңейту

«ПAРАСАТ» дебат клубы жетекшісі: Мейман Қуанар Шарқанбекұлы