Сәуір айының 08.04. – 10.04.2019 аралығында дәстүрлі түрде, Балалар мен жасөспірімдер арасында «Шаттық — 2019» ашық шығармашылық, қалалық байқауы өтті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев : «Ұлы даланың фальклоры мен әуендері заманауи цифорлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс»- деген сөздері және 2019 жыл «Жастар жылы» болып атанғаны, осы байқауға қатысқан оқушыларымызды ерекше шабыттандырды.
№59 мектеп – лицейінің оқушылары барлық номинациялар бойынша жарысқа қатысып жүлделі орындарды иеленді. Оқушыларымызды және үйірме жетекшілерін осы жеңістерімен құттықтай отырып, үлкен шығармашылық табыстар тілейміз.
- Вокал номинациясы жетекшісі – Нисанова Макира Аширбековна – Алтын медаль жүлдегері


- Халық биі номинациясы бойынша, «Гүлшашу» ансамблі жетекшісі – Мошанова Алия Омархановна., — Күміс медаль жүлдегері.


- Хор номинациясы – Нисанова Макира Аширбековна – Қола медаль жүлдегері

Сонымен қатар, бірқатар дипломмен:
бейнелеу өнері


фотосурет, жеке вокалдық (соло), жеке аспаптық жанры, аспаптық ансамбль «Балауса» иегерлері атанды.