Мектеп директорның Білім күнімен құттықтауы

Қымбатты ұстаздар, ата-аналар, қадірменді оқушылар!

Сіздерді Білім күнімен жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!

Адам өміріндегі сарқылмас қазына — ол білім. Сол арқылы ғана адамзат барлық арман, мақсаттарына жете алады. Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы мектеппен тікелей байланысты.

1 қыркүйек күні – бірінші сынып оқушылары үшін – үлкен өмірге жол бастаған күн, өзінің жеке болашағына қосқан алғашқы үлесі. Біз олармен бірге жаңа өмір жолына аяқ басамыз. Сондықтан да алдымен осы бүлдіршіндерді құттықтаймыз.

Алғаш аттаған қадамдарың болашақта білім алу мен одан әрі дамуға негіз болсын. Еліміздің туын биік ұстап, ең үлгілі, ақылды, парасатты тұлға болуларыңа тілектеспін.

Бүгінгі оқушы — бәсекеге төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген тұлға болуы керек. Осы мақсатқа жету жолында мектеп ұжымы қарқынды еңбек етуде. Оның дәлелі – мектебімізде атқарылып жатқан жұмыстар.

Қазіргі таңда саламызда болып жатқан жаңа үрдіске ата-ананың қатысуы ерекше маңызға ие болып тұр. Бірлескен еңбегіміз баларымызды биік шыңға жетелесін.

Жаңа оқу жылы өзгеше екені баршаға мәлім, біз бірігіп, бір-бірімізді қолдай отырып, барлық қиындықты жеңіп, қалыпты жағдайға ораламыз деген сенімдеміз.

Жаңа оқу жылы жаңа жетістіктерге жетелесін!

Оқуда да, еңбекте де алда болайық! Аман болайық!

https://www.facebook.com/100014791964519/videos/960894474413609

Добавить комментарий