Қалалық семинар өтті

2019 жылдың 8 қараша күні №59 мектеп-лицейінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік негізгі білім беру бағытында «Рухани-адамгершілік білім беру мәселелері бойынша өңірдің басқарушылық кадрлар» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Өзін-өзі тану бағдарламасы арқылы жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу мақсатында білім беру жүйесінде үштік одақ (оқушы-ұстаз-ата-ана) арқылы адамгершілікке үйрету. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру, ізгілікті білім беру ортасын құру, құнды қасиеттерді бойларына сіңдіре білу. Әріптестеріміз шығармашылық жұмыс жасау барысында өздерінің шынайы болмыстарын аша білді.

Шынайы рухани көшбасшы ретінде мінез-құлықтың үлгісін жасай алды және рухани құндылықтармен үйлестіре білді. Оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп, келген қонақтарымызға риясыз көңіл-күй сыйлап, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етті. Қатысушылар кері байланыс жасау сәтінде өздерінің алған әсерлерімен бөлісе отырып, семинардан алған жылулық сезімнің бір бөлігін ала кетті.

Добавить комментарий