Қазақстан Республикасы бойынша аталып өтілетін ерекше күн – Білім күні Нұр-Сұлтан қаласы №59 мектеп-лицейінде ерекше аталып өтті. Атаулы мереке мектеп директоры Жумабекова Алма Алтынханқызына және арнайы келген құрметті қонақ — Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орнынан кейінгі Білім департаментінің орынбасары Нарбекова Бану Мукатаевнаның құттықтау сөздерімен ашылды. 2019-2020 оқу жылында мектебіміздің 1-класстың босағасын 600 ден астам бүлдіршіндер аттады.Салтанатты жиын барысында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығымен сабақтастырып,оқушылардың Абай өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқумен сабақтастырылды.Сонымен қатар, Болгарияда өткен Халықаралық өнер байқауында жүлделі 1 — орын алған «Гүлшашу» бишілер тобы өз өнерлерімен тәнтті етті. Сөз кезегі 1- класс оқушыларына берілгенде, пәк сезіммен, балалықпен шынайы көңілдерімен қуаныштарын жеткізу барысында жиналған қауымды бір серпілтіп тастады.Күміс қоңырау соғылысымен 1-класс оқушылары алғашқы мұғалімдерімен әсем де таза, жарық кабинеттеріне қадам басты. Білім күніне арналған азаматтық және патриоттық «САНАЛЫ ҰРПАҚ― ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» атты тәрбие сағаттарымен жалғасты.











