2019 жылдың 03 мамырында Нұр-Сұлтан қаласы №59 мектеп – лицейінде Отан қорғаушылар күні мен батыр ата – бабаларымыздың ерлігімен келген Жеңіс күніне орай, «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» тақырыбында кездесу кеші өтті

2019 жылдың 03 мамырында Нұр-Сұлтан қаласы №59 мектеп – лицейінде  Отан қорғаушылар күні мен батыр ата – бабаларымыздың ерлігімен келген Жеңіс күніне орай, «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» тақырыбында кездесу кеші өтті. 
Кездесудің мақсаты – тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу,сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу. 
Кездесуге сонау сұрапыл соғыс жылдарында өз Отанын қорғау жолында өшпес ерлік көрсеткен біртуар батырларымыздың бірі – Бейсов Баяхмет Болпашұлының перзенті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ішкі бақылау бөлімінің басшысы Бейсов Камлет Баяхметұлы шақырылды. 
Кездесу барысында Камлет Баяхметұлы сұрапыл соғыстың отанымызға қаншама қасірет алып келгенін, өз әкесі Баяхмет Болпашұлының ерен ерліктерін айтып,бүгінгі таңда еліміз бейбітшілік пен келісімде өмір кешіп жатқанын, халықтың басты міндеті елдің бірлігін және тыныштығын сақтап қалу екендігін атап өтті.Сұхбат барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Кездесу соңында Бейсов Камлет Баяхметұлы оқушылар мен мектеп ұжымына ізгі тілектерін айтып, өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбектеріне табыс тіледі. Өз кезегінде «Аманат» және «1941. Брестская крепость. Казахстан » кітаптарын мектеп мұражайына естелік ретінде тапсырды.
Кеш оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие болды. Бұл кездесу олардың бойында патриоттық сезімді оятып, ата – бабаларымыздың ерлік істерін үлгі тұтып, соғыста опат болған батырлардың есімдерін қастерлеуге, еліміздің адал да батыл азаматы болуға шақырды.

Добавить комментарий