2019 жылдың 3 мамыр күні Нұр – Сұлтан қаласында «Есіл» ауданының ТЖ басқармасы қызметкерлері «Құтқарушы» спорт кешенінде Жас құтқарушылардың слетін өткізді.

2019 жылдың 3 мамыр күні Нұр – Сұлтан қаласында «Есіл» ауданының ТЖ басқармасы қызметкерлері «Құтқарушы» спорт кешенінде Жас құтқарушылардың слетін өткізді.

Салтанатты іс-шараны «Есіл» ауданының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Е.А. Байыров өз құттықтау сөзімен ашты. Жеті  түрлі өрт-құтқару спорты түрлерін құрайтын спорттық жарыстар өткізілді, атап айтқанда: жауынгерлік өрістету, шабуылдау сатысымен екінші қабатқа көтерілу, эстафета, Александров түйінін тастау, құтқару түйінін конструкцияға байлау, музыкалық шығармашылық түріндегі «Сәлемдеме» және де медициналық сайыс. Барлық нормативтер тек уақыт бойынша ғана емес, жасап жатқан жаттығудың дұрыс орындалуына көңіл бөлінді.

№59 мектеп-лицейінің жас құтқарушылар командасы жеңімпаз атанды.Сонымен қатар «Үздік суреттер» номинациясы бойынша және құтқару түйінін конструкцияға байлау номинациясында Сапарғали Назгүл жеңімпаз атанды.

 Барлық жеңімпаздар кубоктармен, медальдермен, алғыс хаттармен марапатталды. Жүлделі орындарға ие болған командалар «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының жеңімпаздарымен бірге қалалық жарыстарға қатысуға жолдама алды.

Добавить комментарий