Cәуірдің 10-17 аралығында «Мәңгілік Ел-Мәңгілік тіл» атты қазақ тілі мен әдебиет апталығы өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының №59 мектеп-лицейінде сәуірдің 10-17 аралығында «Мәңгілік Ел-Мәңгілік тіл» атты қазақ тілі мен әдебиет апталығы өтті. Апталыққа мектебіміздің барлық оқушылары белсене ат салысты. «Тіл-тұғырың, Қазақстан — мекенің» тақырыбында мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары мен «Атамекен» Қазақстан картасы этно-мемориалдық кешенінің экскурсия бөлімінің басшысы, айтыскер ақын Малжанбай Азамат пен Сәкен Сейфуллин музейінің Экскурсия және тарихи таным бөлімінің меңгерушісі, ақын Мұқият Қойшыбайұлымен дөңгелек үстел басындағы кездесуде қазіргі замандағы  көкейтесті мәселелер талқыланды.

         Қазақ тілінің беделін көтеру мақсатында «Біз қазақша сөйлейміз» акциясы өткізілді, акцияға 8-11 сынып оқушылары белсене қатысып, интервью жасады. Ә.Молдағұлова ерлігіне тағзым етуге арналған «Батыр қызы қазақтың» атты эссе сайысына қатысты.

         Қазақ ою-өрнегі – қазақ халқының ауыз әдебиеті сияқты мәдени шежіресі. Ұрпағымызға ұмыт болып бара жатқан ою-өрнектерді сурет арқылы жеткізу тапсырмасы беріліп, 5-7 сынып оқушылары асқан шығармашылықпен, эстетикалық талғамымен орындалған жұмыстарын ұсынды. 

         Жаңартылған білім мазмұны бойынша өткізілген ашық сабақтар мен зияткерлік сайыстар, сахналық көріністер өзінің танымдық идеясымен, тәрбиелік мәнімен ерекшеленді.

Добавить комментарий