«Информатика–ғасыр талабы» атты сыныптан тыс іс-шара

Бүгін 5-желтоқсан күні Информатика апталығы аясында 5- сыныптар арасында «Информатика–ғасыр талабы» атты сыныптан тыс іс-шара болып өтті.
Мақсаты:
Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, білімдерін шыңдап, тексеру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Сайыс кезеңдері:
1. “Кел,танысайық!” (топтардың таныстыруы)
2. “Ойлан,тап!” (сөз құру)
3. “Қызықты жұмбақ” (жұмбақ шешу)
4. “Түсін мені” (ыммен түсіндіру)
5. «Мақал –сөз мәйегі» (мақалдың түп нұсқасы)
6. “Адасқан әріптер” (капитандар сайысы)
7. “Көңілді жас ақындар” (өлең құрастыру)
Оқушылар барлық кезең тапсырмаларын орындауда жылдамдық, тапқырлық таныта білді. Қатысқан оқушыларға, әділ-қазы алқаларына алғыс білдіреміз.
Ұйымдастырушы: Информатика Пәні мұғалімі Гульзат Нурлановна

Добавить комментарий