Құрметті қазыналы қариялар!
Ардақты ардагерлер!
Сіздерді «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деп өсиет еткен қазақ қашанда қарттарын қадірлеп өскен ұлт.
Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген ғибратты сөз бекер айтылмаса керек. Сіздер сабырлылық, қарапайымдылық қасиеттеріңізбен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер.
