Кәрім Мыңбаев туралы кітап авторлары Ж.Н.Калиев, Сейітқали Д.Ж.,белгілі биолог Ысқақов А.Р. қатысуымен дөңгелек үстел

Бүгін К.Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінде тұңғыш қазақ биология ғылымдарының докторы Кәрім Мыңбаев туралы кітап авторлары Ж.Н.Калиев, Сейітқали Д.Ж.,белгілі биолог Ысқақов А.Р. қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Ғалымдар мен мектеп директоры Султанова Г.А. бастаманы қолдап, оқушылар үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып өтті. Дөңгелек үстел биология пәнін жақсы көретін, мектептегі ғылыми жобаларға белсене қатысатын оқушылардың басын қосты. Балалар ғалымдарға көптеген сұрақтар қойды. Ғалымдар тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы кеңестер беріп, алдағы уақытта ынтымақтастық пен қолдау көрсетуге уәде берді. Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері «Жас Ғалым» ғылыми зертханасының жұмысымен таныстырып, оның мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамытудағы рөлін атап өтті. Кездесу барлық қатысушылар үшін нәтижелі болып, шабыт берді!

Добавить комментарий