«ІТ mektep – тұлғаның интеллектуалды-шығармашылық әлеуетін дамытудың ақпараттық ортасы» тақырыбында семинар өтті


Астана қаласы, №59 мектеп-лицейінде  2019 жылдың 15 наурыз күні , 09.00-де  Астана қаласы білім басқармасы Білім беруді  жаңғырту орталығына қарасты білім беру ұйымдарының қатысуымен  «SAMGAU» кәсіби қоғамдастығы аясында  «ІТ  mektep – тұлғаның интеллектуалды-шығармашылық әлеуетін дамытудың ақпараттық ортасы» тақырыбында  семинар болды.

Семинарға және  Астана қаласы білім беруді жаңғырту орталығының директоры Ибраева Г.К. , Білім басқармасы Стратегия талдау және цифрлық технологиялар бөлімінің меңгерушісі Асанова Жазира Канатовна , НАО «Холдинг Кәсіпқор» бас менеджері педагогика ғ.д. профессор  Ибышев Ержар Садуакасович, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ақпараттық технология лабораториясының аға ғылыми қызметкері Шаниев Ержан Булатович, Өрлеу» БАҰО» АҚ ПҚ БАИ  Өзін-өзі тану тренері  п. ғ. магистрі Даулетбаева Гульнара  Касымкановна және мектеп директорының ақпараттық ісі жөніндегі орынбасарлары, Астана қаласының білім беру ұйымдарының  информатика, математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі, бастауыш сынып  мұғалімдері  және «SAMGAU» кәсіби қоғамдастығына мүше мектептердің мұғалімдері қатысты. Семинардың модераторы — №59 МЛ директоры Жумабекова Алма Алтынхановна.

Семинардың  практикалық  бөлімінде ашық сабақтар, шеберлік сыныптар, Билингвалды білім беру жүйесі, CLIL әдісі бойынша ағылшын тіліндегі терминологияларды қолдануға байланысты тренинг өткізілді. Сонымен қатар  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұртөлеу Мадина Ғалымқызы қазақ  халқының «Ер Төстік» ертегісі бойынша қойылымды заманауи АКТ технологиясын қолдану арқылы жаңаша қырынан ағылшын тілінде сөйлетіп әрі анимациялық ресурстарды 3Д және  4Д «Ер Төстік» кітабын  ұсынды. Бағдарлама бойынша 17 сабақ өткізіліп,сабақтардың барлық кезеңінде АКТ-ның негізгі құралы ретінде  bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz  т.б. ресурстар кеңінен қолданылды.

 Өткізілген семинар  жоғары бағаланды.

Добавить комментарий