«Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша ашық сабақ өткізді

Мектебіміздің  кітапханасында  15 ақпан күні қазақ тілімен әдебиеті пән мұғалімі  Сахмурзаева Г.Т.  8»Ә»сыныбымен  және кітапханашылар бірігіп «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша  ашық сабақ өткізді.Бұл тарихи сабақ Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасыныңжелісі бойынша жүргізілді.Оқушылар сабаққа таласа,пікірталас ретінде ,қызығушылықпен  қатысып отырды.Шығарманың мазмұны ,негізгі ой,кіріспе бөлімдері бойынша тоқталып өтті.Баукеңнің дүниеге келген шағынын бастап  ,әке тәрбиесін,ер жеткен кезіне дейін,ауылдың  тұрмыс салтын ,дәстурін  ауқымды суреттейді.Ауыл өмірінің қиындығы мен қиыншылық тұстарын шебер суреттеп береді.Ашық сабаққа директордың ғылыми әдістеме жөніндегі орынбасарлары атап айтқанда З.С.Кенжеахметова мен  М.К.Жакишева  қатысып,өз ойларын ортаға салды.Кітапханашылар  тарапынан тақырыпқа байланысты кітап көрмесі жасалып жазушының шығармаларына библиографиялық шолу жасалды, тақырыптық слайд көрсетілді,жалпы сабақ қызықты деңгейде өтті.

Добавить комментарий