ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ

2020 жылдың 1 қыркүйек күні Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтты. Еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, барлық салаға тың серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған тарихи құжатта мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, теңгерімді аумақтық даму, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық, қолжетімді әрі сапалы білім, денсаулық сақтау саласын дамыту, экология және биологиялық әркелкілікті қорғау, әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында, цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы, ұлттың жаңа болмысы деген үлкен міндеттер қойылған. Мұнда бүкіл әлемдік пандемияның кесірінен болған экономикалық, әлеуметтік жағдайды жақсартумен қатар, тың тәсіл, жаңаша ойлау, жал­пы­ұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажеттігі көрсетілген.

Дегенімен, біз — мұғалімдер қолжетімді әрі сапалы білім беру бойынша қойған міндеттер мен тапсырмалардың көтерілгеніне, мұғалімдер мәртебесіне мән берілгеніне ризамыз. Әсіресе, толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын жасау, балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім беру қажеттілігі және сапалы білім алу үшін дәстүрлі білім берудің сақталатыны туралы тапсырмалары аса қуантады.
Соңғы жылдары мемлекет тарапынан мұғалімдерің мәртебесін көтеру, сапалы білім беру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Дегенімен бүгінгі жаһандық індет қауіпі төнген заманда бірден қашықтықтан оқу түріне көшуімізге тура келді.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ахмет Байтұрсынұлының «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деп келтірген даналық сөзін жадымызға тоқып, алға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындау жолында, халқымыздың асыл мұраты «Мәңгілік ел» идеясына жету жолында бар күш жігерімізді салып, жұмыла еңбек етуіміз қажет.

Добавить комментарий