Ата-аналар үшін коучинг жасалды

Мектеп жаңалықтары

«Критериалды бағалау дегеніміз не?» тақырыбында ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Астана қаласы, №59 мектеп-лицейінде  2019 жылдың 2 ақпан күні , 10.00-де  Астана қаласы Білім Басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының қатысуымен  «Критериалды  бағалау дегеніміз не?» тақырыбында ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Қалалық бұл жоба Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына   «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»атты  Жолдауының  бес басымдықтарын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында  білім беру мазмұнын жаңарту аясында ұйымдастырылған. 

Семинардың  мақсаты мен міндеттері:

Критериалды  бағалау жүйесі бойынша ата-аналарға түсіндірме жұмысы төңірегіндегі ойлар, тұжырымдамалар, сараптаулар туралы әңгіме қозғау, түсіндіру.

Семинардың  мазмұны: семинар-коучинг  барысында қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісі кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылатындығын түсіндіру.














Добавить комментарий