Еске алу күнінде

Нұр – Сұлтан қаласының №59 мектеп –лицейінде ағымдағы жылдың 10 ақпанында қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын, жазушы, әнші- композитор, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарған Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллинді еске алу мақсатындағы өткен іс-шараға ҚР мәдениет саласының үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Сәкен зерттеуші Серік Кәрібайұлы Оспанов пен С.Сейфуллин музейінің қызметкері, Сәкен өмірін зерттеуші Мұқият Қойшыбайұлы қатысты. Осынау ұлы тұлғаның 1938 ж 25 ақпанда ату жазасына бұйырылған қаралы күні қарсаңындағы еске алу күнінде Сәкен өмірінің қилы кезеңдері туралы деректі естеліктермен бөлісіп, оқушылар қызықты дәрісті өздерінің пікірлерімен толықтыра отырып, тарланбоз тұлға туралы жасөспірім көңілінде селт еткен елес, бабасына деген ұлағат пен мақтанышты ұялатқандай болды. Серік Оспановтың орындауындағы Сәкеннің әдемі әндері тыңдалып М.Қойшыбайұлының Сәкен Сейфуллинге арнаған «Арысым» өлең шумағын орындап берді.Көш бастаған бірісің ақылдыныңӨз алдыңа бір бөлек ақындығың.Арысым деп құрметтеп ұрпақтарың,Есіміңді ардақтап жатыр бүгін – деген шумағымен түйінделді.

Добавить комментарий