Lesson stadu арқылы сабақты зерттеу – оқушы уәжін арттыру құрал

8.01.2020ж. №59МЛ «Lesson stadu  арқылы сабақты зерттеу  – оқушы уәжін арттыру құралы» «Исследование урока как средство развития мотивации ученика» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің модераторы – Жумабекова А.А.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша  « Исследование урока  как средство развития педагогического мастерства учителя» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Lesson stadu  жобасының жетекшісі  Усембаева Д.К. сабақты зерттеу әдісі мұғалімдердің кәсіби біліктілігін тұрақты түрде дамытудың құралы екендігін және мектептегі сабақты зерттеумен айналысатын педагогтердің тәжірибесінен туындаған ұстанымдарға тоқталды. Сонымен қатар, сабақты зерттеумен айналысып жүргенмұғалімдер: Жомартова Э.Ж.,  Клышбаева М.Х., Тастанбекова Н.А., Бейсембаева Г.А.,  Азимова Г.Қ. өз тәжірибелерінде аталған жобаны қалай іске асырып жатқанын және зерттеу барысында алынған сандық, сапалық деректермен, маңызды қорытындыларымен таныстырды.  

Педагогикалық ұжымды   «Педагог мәртебесі» Қазақстан Республикасының Заңы туралы  мектептің кәсіподақ комитетінің төрағасы Оспанова А.  таныстырды. Мұғалімдер Заң жобасын әзірлеудегі негізгі идеяны – мұғалімдердің жүктемесін азайту, оларды өздеріне тән емес жұмыстарды орындаудан босату арқылы өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа мүмкіндік беру, бұған қоса, мұғалімдердің жалақысын арттыруға, еңбек демалысын көбейтуге, педагогтік шеберлік, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеуге бағытталған шаралардың  көзделуі мұғалімдердің әлеуметтік-ма­те­ри­алдық мәртебесін көтеруге шынайы қам­қорлық көрсеткені деп түсінетіндіктерін айтты.  

Добавить комментарий