Онкүндік

Нұр-Сұлтан қаласы №59 мектеп-лицейінің «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» аясында онкүндік іс шараның жабылу рәсімі өтті.

2019 жылғы 12 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы №59 мектеп-лицей пилоттық «Өзін-өзі тану» рухани –адамгершілік білім беру бағыты «ӨМІРІН ӨНЕРІМЕН ӨРНЕКТЕГЕН» тақырып аясында ісшарасы өтті.
Аталмыш ісшараға өнерлі тұлғалардың өмір жолдарын оқушыларымызға үлгі тұту мақсатында іске асырылды. Мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылық негізінде- білім ошағы мен отбасындағы ізгілікті нығайту үшін үнемі рухани қарым-қатынаста болу және өнерлі тұлғалармен пікір алмасу, шебер ата-аналарымыздың шебер-сабақтарын көріп үлгі тұту. Ісшара бір уақытта бес дәрісханада ақын,актер және дизайнер-модельер, қуыршақ шебер, аспазшы, биотехнология дәрігер маманы мен мектебіміздің бастауыш,орта, жоғары сынып оқушыларымен өткізілді. Білім ошағымызға қонаққа келген өмірін өнерімен өрнектей білген тұлғалар Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Шалқар» радиосының директоры Қалқаман Сарин Айымғазыұлы және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері Қыстықбаев Қуандық Қапсалаңұлымен әдеби кеш өткізілді.

2019 жылдың 13 ақпан күні I ауысымда 11.05-11.20 үзіліс уақытында » Қызықты үзіліс» кезеңін 8 «В» сынып оқушылары жақсы көңіл күй сыйлады

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағыты бойынша сүйіспеншілік құндылық арқылы «Аспаздық өнерінің шебері» тақырыбында аспазшы ата-анамыз Коробка Элен Михаиловнамен бірге 3,4-сынып оқушылар арасында әр отбасының күнделікті өмірінде аспаздық өнерді насихаттау мақсатында, дастархан мәзірін әсемдеуді және тез арада дайын болатын әжелерімізге арнайы «Әжеме арналған банан печеньесін пісіру» әдісін бірге жасап үйренді.

«Өзін-өзі тану» пәніндегі эстетикалық тәрбиені жасөспірім бойында дәріптеу мақсатында «Өнерлінің қолы алтын» тақырыбында қуыршақ шебері- Исмагулова Сауле Сарсеновнамен бірге 4- сынып оқушылар арасында шебер-сабақтар өтті. Балалар өз қолдарымен ашық хаттар мен қуыршақ жасап үйренді.

ТЕDх форматындағы конференция «Жаңа технология заманы» тақырып аясында ата-анамыз биотехнология маманы — Ксанова Жанар Мухтарбековнамен бірге 10-11 сынып оқушылар арасында тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы жаңартылған білім инновациялық технология, медицина, космология салалары бойынша біздің мектеп базасында STEM лабороториясының ұйымдастыру арқылы кемелді ұрпақ тәрбиелеп шығаруға септігін тигізді.

«Өзін-өзі тану»рухани –адамгершілік білім беру бағыты арқылы білім алушыларымызға отбасындағы құндылықтарды дәріптей отырып үлгі боларлық ата-анамыз дизайнер-модельер Сүлейменова Камила Маратовнамен бірге «Ұлттық қолөнер – ұрпаққа ұлағат» жоба аясында жұмыс жасайтын, 10-11 сынып оқушыларымен кездесіп шебер-сабағы өткізілді. Тәжірибе алмасу барысында қолөнерге баулу арқылы әр тұлға үлі тұтып өз бойларына сіңірді.

Нұр-Сұлтан қаласы №59 мектеп-лицейінің «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағытында 2019 жыдың 12 ақпан күні «Өзін-өзі тану» пәні бойынша I ауысымда бірінші сабақтар «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында өткізілді.

Нұр-Сұлан қаласы №59 мектеп-лицей «Өзін-өзі тану» пәнінің онкүндік аясында балалар өз қолдарымен әсемдеген «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында ашық хаттар жасады

2019 жылдың 1 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы №59 мектеп-лицейінің «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының туған күніне орай «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік ашылу салтанаты өтті. Салтанат жиынының алғы сөзін директордың оқу-ісі орынбасары Бодаева Жазигуль Акатаевнаға сөз берілді. Ашылу салтанатының қонағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ РАББ тренері Даулетбаева Гульнара Касымкановна құттықтау сөз берілді.

Добавить комментарий