9 қазан күні №59 мектеп-лицейінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағытының ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген — ел ардақты» тақырыбы аясында мерекелік ісшара өтті. Арнайы ұйымдастырылған ісшараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік» мекемесінің қариялары мен білім ошағымыздың ардагер ұстаздары қонақта болды.




