«Әке көрген оқ жонар», «Әкеден қалған бір өнер»

Байқау қорытындысы!

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

Құрметті бірінші сынып оқушылары біздің сурет салу және өз қолдарымен қолөнер жасау, кабинетті әсемдеу сайысы аяқталды.

Байқау  «Әкелер Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырылды, осы іс-шараның бастамасы болып, жеңімпаздарымызға сыйлық сертификаттарын берді

Әр жеңімпаз MARWIN дүкенінен сыйлық сертификатын алды.

1 орын алған оқушыға 10000 т.

2 және 3  орын иегерлеріне 5000 т.

Ең әдемі әсемделген кабинетке 10000 т.

Сурет салу айқауында жүлделі орындарға ие болған оқушылар:

Камиден  Батырхан 1 «М» 1 место

Насибулла Даяна 1 «К» 2 место

Омар Айлан  1 «И» 3 место

Жалғасұлы Жантөре 1 «Г» 1 место

Болсынбек Жанель 1 «А» 2 орын

Абдишева Зарема 1 «В» 3 орын

Өз қолынан жасаған бұйымдар бойынша жүлделі орын иегерлері:

Нуржан Асанали 1 «Е» 1 место

Султанова Айша 1 «И» 2  место

Кенжегали Ансар 1 «Л» 3 место

Қолдан жасалған бұымдар сайысынан жүлделі орын алған жеңімпаздар

Қару Дана 1 «А»  1 орын

Нурлан Нурасыл 1 «Г» 2 орын

Есболат Ерсұлтан 1 «Ә» 3 орын

Кабинетті әсемдеу сайысының жеңімпаздары:

1 «И» Классный руководитель: Ахметова  Гульмира Сагадаевна

1 «М» Классный руководитель: Акишева Асель Кусаиновна

1 «К» Классный руководитель: Оразалыева Айгерим Оразалыевна 

1 «Г» Сынып жетекшісі: Жакупбекова Забира Куанышбековна

1 «А» » Сынып жетекшісі: Бердигулова Айна Женисовына

1 «Ә» » Сынып жетекшісі: Сейдалиева Гулнур Тасболатовна

«Jas sarbaz — Meiirimdilik biriktiredi»

2020 жылы 16 қыркүйек күні, Нұр-Сұлтан қаласының жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде, «Еріктілер жылы» аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» КММ және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Jas sarbaz — Meiirimdilik biriktiredi» жобасы аясында, Елордамыздағы үздік «Жас сарбаз» тәрбиеленушілерінің басын қосатын, 3 күндік күзні әскери-патриоттық ойындары онлайн форматта бастау алды. «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері түрлі сайыстардан сынға түсті.

13 қыркүйек — Отбасы күні

Отбасы — Қазақстан қоғамның діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі.

«Отбасы — менің шағын мекенім»

Бүгін 10 қыркүйек күні 59 мектеп — лицейде «Отбасы — менің шағын мекенім» атты сынып сағаты өтті.

Отбасым менің — бақытым,

Отбасым менің — шаттығым,

Отбасым барда ешқашан,

Үзілмес менің үмітім.

ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ

2020 жылдың 1 қыркүйек күні Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтты. Еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, барлық салаға тың серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған тарихи құжатта мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, теңгерімді аумақтық даму, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық, қолжетімді әрі сапалы білім, денсаулық сақтау саласын дамыту, экология және биологиялық әркелкілікті қорғау, әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында, цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы, ұлттың жаңа болмысы деген үлкен міндеттер қойылған. Мұнда бүкіл әлемдік пандемияның кесірінен болған экономикалық, әлеуметтік жағдайды жақсартумен қатар, тың тәсіл, жаңаша ойлау, жал­пы­ұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажеттігі көрсетілген.

Дегенімен, біз — мұғалімдер қолжетімді әрі сапалы білім беру бойынша қойған міндеттер мен тапсырмалардың көтерілгеніне, мұғалімдер мәртебесіне мән берілгеніне ризамыз. Әсіресе, толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын жасау, балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім беру қажеттілігі және сапалы білім алу үшін дәстүрлі білім берудің сақталатыны туралы тапсырмалары аса қуантады.
Соңғы жылдары мемлекет тарапынан мұғалімдерің мәртебесін көтеру, сапалы білім беру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Дегенімен бүгінгі жаһандық індет қауіпі төнген заманда бірден қашықтықтан оқу түріне көшуімізге тура келді.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ахмет Байтұрсынұлының «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деп келтірген даналық сөзін жадымызға тоқып, алға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындау жолында, халқымыздың асыл мұраты «Мәңгілік ел» идеясына жету жолында бар күш жігерімізді салып, жұмыла еңбек етуіміз қажет.

Мектеп директорның Білім күнімен құттықтауы

Мектеп директорның Білім күнімен құттықтауы

Қымбатты ұстаздар, ата-аналар, қадірменді оқушылар!

Сіздерді Білім күнімен жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!

Адам өміріндегі сарқылмас қазына — ол білім. Сол арқылы ғана адамзат барлық арман, мақсаттарына жете алады. Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы мектеппен тікелей байланысты.

1 қыркүйек күні – бірінші сынып оқушылары үшін – үлкен өмірге жол бастаған күн, өзінің жеке болашағына қосқан алғашқы үлесі. Біз олармен бірге жаңа өмір жолына аяқ басамыз. Сондықтан да алдымен осы бүлдіршіндерді құттықтаймыз.

Алғаш аттаған қадамдарың болашақта білім алу мен одан әрі дамуға негіз болсын. Еліміздің туын биік ұстап, ең үлгілі, ақылды, парасатты тұлға болуларыңа тілектеспін.

Бүгінгі оқушы — бәсекеге төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген тұлға болуы керек. Осы мақсатқа жету жолында мектеп ұжымы қарқынды еңбек етуде. Оның дәлелі – мектебімізде атқарылып жатқан жұмыстар.

Қазіргі таңда саламызда болып жатқан жаңа үрдіске ата-ананың қатысуы ерекше маңызға ие болып тұр. Бірлескен еңбегіміз баларымызды биік шыңға жетелесін.

Жаңа оқу жылы өзгеше екені баршаға мәлім, біз бірігіп, бір-бірімізді қолдай отырып, барлық қиындықты жеңіп, қалыпты жағдайға ораламыз деген сенімдеміз.

Жаңа оқу жылы жаңа жетістіктерге жетелесін!

Оқуда да, еңбекте де алда болайық! Аман болайық!

https://www.facebook.com/100014791964519/videos/960894474413609